ШҚО-да ұрланған жылқылар GPS арқылы табылды  

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ұрланған жылқыларды GPS арқылы тауып алды.

Тәртіп сақшылары тың жүйенің көмегімен 47 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Қазір ол тергеліп жатыр. Бір үйір жылқыны жалғыз өзі айдап әкеткен барымташыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мал иесі жоғалған жылқылардың кейбіріне осыған дейін электронды чип орнатып қойған екен. Соны білген тәртіп сақшылары бірден GPS құрылғысын қолдануға көшеді. Нәтижесінде көп ұзамай әлгі күдікті ұсталды. Қолды қылған жылқылардың жалпы құны 60 млн теңгеге бағаланған.