Атырау облысында «трамадол» психотроптық дәрі-дәрмегінің 4 мың данасы және 200 флакон «тропи-камид» тәркіленіп, заңсыз айналымнан шығарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
«Дәрмек» жедел алдын алу шарасы кезінде Атырау қаласының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 1 мың 700 дана трамадол мен 85 флакон тропи-камид сатып алғысы келген.
Қазіргі таңда күдікті әйел фармацевтикалық қызмет ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, рейдтің 6-күні ішінде елімізде есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу бойынша 12 қылмыс анықталды. 3 медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар құрамында есірткі құралдары бар препараттар айналымы ережелерін бұзуға жол берген. Әкімшілік жауапкершілікке 129 адам тартылды, оның ішінде 32 медицина қызметкері бар.
Барлық материал Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне берілді.