Қостанай облысында ақылы вакцина салдыруға жүздеген адам өтініш білдірді

Pfizer вакцинасын ақылы салдыруға ниетті қостанайлықтар алдын-ала өтініш бере бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір өңірде жүздеген адам ақылы вакцина салуға өтініш білдірді. Олар үшін үш емдеу мекемесі дайын тұр. Вакцинаны облыс орталығындағы бірінші және төртінші емханада, сонымен қатар Рудный қаласындағы нөмірі екінші емханада алуға болады. Ал тегін Pfizer-ді өңірдегі 1870 тұрғын салдырған. Олар жүкті және бала емізетін әйелдер, кәмелет жасқа толмаған балалар. 

Роман Әбілтаев, колледж студенті:

– Вакцинаны өз еркіммен салдырдым. Ата-анама, туыстарыма ауру жұқтырып, вирус тасымалдаушы болғым келмейді. Себебі оларды күнделікті көремін және оларды қорғауым керек.