Қазақстандық ғарыш мониторингінің жұмысы нәтижесін беріп келеді

Енді заңсыз қоқыс шығарылған орындарды жоюға болады. Мұны ғарыш мониторингінің көмегімен іске асыру жоспарда бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Биыл ел аумағының 25 миллион гектары бақылауға алынды. Нәтижесінде қоқыс орындарының саны біршама азайды.

Айтпақшы табиғи ресурс өндірушілері де бақылауда екенін атап өткен жөн. 2021 жылы елде 86 заңсыз карьер анықталды.

Баубек Оралмағамбетов, ҚР ЦДИАӨМ аэроғарыш комитетінің төрағасы:

– Қоқыс заттарын заңсыз шығару деректерін 35 қала маңында бақылап отырамыз. Ғарыштық түсірілім жүргізіп, кадастрлық мәліметтерді алғаннан кейін оларды экология комитетіне жібереміз. Кейін жергілікті инспекторлар көрсетілген орындарға барып, сол қоқысты суретке түсіреді. Оның бәрі геопорталда тіркеледі.