Шетелден елге ұшып келген 685 адам үй карантинінде болады

Алматыға үшінші желтоқсаннан бері ұшып келген 685 жолаушы оқшауланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар Ұлыбритания, Германия, Египет, Италия және Канададан келген. Мегаполисте санитарлық-карантиндік пункттердің жұмысы күшейтілді. Жуырда омикрон штамының ел аумағында тарауына жол бермеу үшін жаңа қаулы қабылданған еді. Оған сәйкес соңғы 14 күн ішінде бірқатар елден оралған жолаушылар 7 күн үй карантиніне оқшауланады.