Жеті мыңдай жер-су атауы өзгеріп, еліміздің 3D картасы жасалмақ  

 

Қазір ел бойынша жер, су, мекенге қатысты 7 мыңға жуық идеологиялық ескірген атау бар. Бұлар алдағы уақытта жаңартылады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір ономаст ғалымдар көне атауларды тауып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеп, өз ұсыныстарын айтып жатыр. Осының негізінде еліміздің 3D картасы жасалады. Ғалымдар биыл Ақмола мен Жамбыл облыстарын зерттеген. Осы орайда мамандар бірталай өзгеріс қажет деп отыр. Елді мекендер мен су аттары патша және кеңес үкіметтері мен тың игеру, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің елімізге қоныс аударуы кезінде өзгеріп кеткен. Содан бері бұрмаланған күйде аталып келеді.  

Гүлнар Бекенова, ономаст

Елерке Төрехан, ҚР МСМ мәдениет комитеті ономастика басқармасының басшысы