Сенатта ҚР мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы мәселелері талқыланды

Сенатта ҚР мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы мәселелері талқыланды
senate.parlam.kz

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Келісім аясында тараптардың әуе қатынасы кәсіпорындарының халықаралық әуе тасымалдарын орындауы үшін құқықтарын реттеу көзделіп отыр. Оның ішінде өз аумағы арқылы қонбай ұшу, коммерциялық емес мақсаттарда өз аумағында аялдау, белгіленген бағдар бойынша бекеттер арасында халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыру да бар.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты