ҰҚСК мүшелері ІІМ басшысымен Президент реформаларының барысын талқылады

Жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 8 мыңға жуық қылмыстық және 800 мыңнан астам әкімшілік заңбұзылық анықталды. Олардың дені – көшеде жасалатын қылмыстар. Бұл туралы еліміздің ішкі істер министрлігі өкілдері хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ішкі істер министрімен кездесіп, еліміздегі қылмыспен күресудің жаңа тектіктерімен танысты. Олар Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің жедел басқару орталығын аралап ведомствоның цифрлық мүмкіндіктерімен танысып, халықты мазалаған бірнеше өзекті мәселелердің басын қайырды. Олардың қатарындақала ішіндегі қоғамдық тәртіптің сақталуы, алаяқтармен күрес және тергеуге алынған азаматтардың тәрібін бақылау талқыланды. 

Сонымен қатар, кездесуде полицейлердің жаңа формасы таныстырылды. Жалпы Қазақстан бойынша көшелерде 650 мыңнан астам бейнебақылау камералары қойылған. Бұл көшедегі қылмыс деңгейін төмендетумен қатар, оның алдын алуға да көмектеседі. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының өзінде осы тәуліктік бақылау нәтижесінде биыл көшедегі жеңіл көлемі 25 процентке дейін төмендеген. 

Айгүл Орынбек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер:

– Мектептердің, сауда орталықтарының барлығы камерамен жабдықталып, ІІМ-мен бірігіп жасалып жатқан дүниелер маған ұнады. Мен әйел тергеушілер болуын және әрбір тергеу кабинеттерінде камералардың орнатылуын ұсынған едім.  Себебі біз халықтан ұрды, соқты деген шағымдар түсіп жатады. Сол нәрсенің бәрі қойылған. Соны ашық көрсетіп отыр министр тарапы. Біздің айтқан ұсынысымыз президенттің тарапынан қолдау тауып, министрлер қазір орындап жатыр.