476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбеде 15 мың теңгеге вакцина құжаттарын әзірлеген медбике ұсталды

  • 167
Ақтөбеде 15 мың теңгеге вакцина құжаттарын әзірлеген медбике ұсталды

 

Ақтөбеде екпе салғандығы туралы жалған құжат әзірлеген медбике ұсталды.

Күдікті 67 адамды екпе жасатқандар тізіміне енгізіпті. Алайда бұл жандардың ешқайсысы короновирусқа қарсы препаратты ағзасына жуытпаған. Яғни жалған құжат рәсімделіп келген. Күдікті тергеу кезінде қылмыстық әрекеті үшін әрқайсысынан 15 мың теңге көлемінде сыйақы алғанын мойындады.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Аталған факт негізінде ҚР ҚК 385 бабы 2 бөлігі «Жалған құжат өткізу» және ҚР ҚК 247 бабының бірінші және екінші бөлігі «Заңсыз сыйақы алу» бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы