Елде заңсыз ағаш кесу дерегі бойынша бюджетке 100 млн теңге шығын келген

 

Биыл елде 115 заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелді. Салдарынан бюджетке 97 миллион теңге көлемінде шығын келген. 

Естеріңізге салайық, Президент жыл басында 2 миллиард ағаш отырғызу туралы тапсырма берген болатын. Оны орындау мақсатында биыл 12 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 130 миллион ағаш отырғызылды. Келер жылы бұл көрсеткішті 280 миллионға жеткізу жоспарда бар.

Ерлан Құтпанбаев, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а.:

– Кесілген ағаштың аумағы 5 мың текше метрді құрайды. Жалпы келтірілген залал көлемі – 97 миллион теңге. Оның бәрін біздің инспекторлар анықтады. Бірінші желтоқсаннан бастап қылқанжапырақтыларды қорғау акциясы өтіп жатыр.