Теміржол арқылы тасымалданған контейнерлер саны 1 миллионға жетті

Қазақстан аумағынан транзиттік пойызбен миллионыншы контейнер өтті.

Бұл еліміздің транзиттік тасымалындағы тарихи жетістік! Заман талабына сай инфрақұрылым  қалыптастыра білген теміржолшылар тәуелсіздік мерекесіне осындай ерекше сый жасап отыр. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап транзитті контейнерлік тасымал көлемі 4,5 есе көбейген. Сарапшылардың болжамы бойынша бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғаса бермек

Қазақстан аумағы арқылы өтетін  миллионыншы контейнер Қытайдың Сиан қаласынан Алтынкөл станциясына келді. Тауар кең жолақты пойызға тиелген соң Ақтау портына жіберілді. Одан ары Каспий теңізі арқылы Түркияның Мерсин қаласына жөнелтіледі. Контейнерді Сианьнан Мерсинге апаруға 17 күн кетеді.  Екі ара- 9 мың шақырым. Егер, Қытай жағы басқа дәлізді таңдаған болса, оған 35 күн кетер еді

Нұрлан Игенбаев, «KTZ Express» АҚ басқарма төрағасы:

– Бұл жетістіктер Қазақстан темір жолы компаниясының  инфроқұрылымды дамытуы және жүктің тасымалын уақытын және де қауіпсіздігін қамтамассыз етуде арқасында. Бүгінгі күні Қазақстан арқылы өтетін транзиттік контейнерер тасымалы қарқынды өсуде.

Ерлан Қойшыбаев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Елбасы бастамасын орындау үшін Қазақстан темір жолы 2010 жылдан бері мультимодальды және транзиттік қызмет сегментін үздіксіз жетілдіре отырып, транзиттік тасымалдауды дамыту стратегиясын іске асырып келеді.  Транзитті жүк легін еселеу үшін Қазақстан темір жолында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Атап айтқанда стратегиялық маңызы зор бірқатар инфроқұрылымдық  жобалар қолға алынды.

Құрлық порты  терминалында 190 адам жұмыс істейді. Олар жүкті уақытылы түсіріп тиеп, діттеген жеріне жіберіп отырады. Қазіргі таңда мамандар тәулігіне он пойыздан қабылдайды.

Данияр Омаров, «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС департаментінің директоры:

– Суткасына біздің терминал 10 пойызға дейін қабылдап жатыр. Он пойызымыз 1200 ДФЭ- ға дейін барады. Келесі жылы біздің терминал мүмкіндігін арттыруға жұмыс жасап жатыр. Ол 16 пойызға дейін суткасына тиеп түсіруге қауқарымыз бар. Біз тез түсіріп тиегенге қолайлы жағдай атқарып жатырмыз. Бір пойызды 55 минуындатта түсіріп тиеп жібере аламыз.

Тәуелсіздік жылдарында көлік саласын дамытуға қатысты стратегияға сәйкес елімізде заман талабына сай темір жол инфрақұрылымы қалыптасты. Қорғас, Құрық портары салынып, Ақтау порты жетілдірілді. Екі жарым мың шақырымнан астам темір жол төселді. Транзиттік тасымал мүмкіндігін жылына миллион контейнерге жеткізумен қатар экспорттық және импорттық алыс-берісте де жүктерді контейнерлермен жеткізудің логистикалық жүйесі жолға қойылған.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов