«Хабар» арнасының фильмдер циклі халықаралық байқауда үздік деп танылды

«Хабар» арнасы түсірген «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі» атты деректі фильмдер циклі үздік болып танылды.

«Қазақстанның тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық байқауына 400-ге жуық туынды келіп түсті. Олардың арасында Ресей, Түркия, Ұлыбритания және Канада мемлекеттерінің өкілдері болды. Жеңіске жеткен «Хабар» арнасының кинолентасы 15 бөлімнен тұрады. Айта кетерлігі, сайыс 6-шы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл жеңімпаздар  5 аталым бойынша анықталды. Оған газет-журнал, интернет, телевизия және радио салаларының мамандары қатысуға мүмкіндік алды.

Інжу Қабылдина, «Хабар» телеарнасының бағдарламалық директоры:

– Біздің ұжым үшін бұл тосын сый болды. Жеңіске жеткенімізді мақтан тұтамыз. Меніңше, осындай байқауларға қатысу өте маңызды. Соның арқасында «Хабар» арнасының білікті мамандары әзірлеген туындыларын қалың жұртқа паш етті. Бұл фильмдер - Тұңғыш президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуына қосқан сүбелі үлесі жайында.

Сондай-ақ...