Биыл атажұртқа оралған 17 358 азамат қандас мәртебесін алды

Осы жылдың басынан бері елімізге 17 мыңнан астам этникалық қазақ көш басын бұрды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жалпы желтоқсанның біріне дейін 17 мың 358 азамат қандас мәртебесін алған. Атамекенге ат басын бұрғандардың 76,2 проценті Өзбекстаннан, 9,7 проценті Қытайдан, 6 проценті Түрікменстаннан, 2 жарым проценті Моңғолиядан, 5,6 проценті өзге елдерден қоныс аударған.

Атажұртқа келгендердің дені Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласына орналасқан. Жалпы 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллионнан астам этникалық қазақ көшіп келді.