Тоқаев: Тәуелсіздік ұрпақтары – тәуелсіз елдің басты символы

Мемлекет басшысы бүгінгі шарада елімізде жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдайтын жобалар бар екені айтып өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондай-ақ Президент «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру рәсіміне қатысып, жастарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Өз сөзінде бүгінгі кездесудің ерекше мән-маңызы бар екенін айтты. Президент Тәуелсіздік ұрпақтарын шын мәнінде, жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі ретінде атап өтті және жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екеніне де тоқталды. Сонымен қатар партиялардың сайлау тізіміндегі 30 пайыздық квота Мәжіліс пен мәслихаттарда, жастар қатарының көбеюіне ықпал еткенін айтты. Президент жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдайтын жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.