Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігерінің ревакцинацияға қатысты жаңа қаулысы шықты.Онда Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адам КВИ-ге қарсы ревакцинациялатыны туралы жазылған. Сондай-ақ КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізілетіні және бұрын КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізілетіні айтылады.

Қаулының толық мәтінін осы жерден оқуға болады.