Ақмола атауы Астана қаласы деп өзгертілген жыл

1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.

Бұған Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы түрткі болды. Сөйтіп 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтіп, астана күні тойланды.


ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

1998 жыл «Халық тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» деп аталды. Бұл тәуелсіз жаңғырудың, еркін ел болудың айқын көрінісі еді. Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жарлық арқылы тарихи танымға айрықша мән беру қажеттігіне назар аудартты.


АЙБЫНЫ АСҚАҚ ӘУЕ КҮШІ

1998 жылдың бірінші маусымында Қазақстан Республикасының әуе күштері құрылды. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге бағытталған елеулі оқиғаның бірі болатын. Оның негізгі мақсаты – еліміздің әуе шебінің қорғанысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау.