Павлодардан бір топ бозбала Ұлттық ұлан қатарына қабылданды

Ертіс өңірінен бір топ бозбала Ұлттық ұлан қатарына қабылданды. Оларды шығарып салу шарасына жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары жиналды. Әскер қатарына шақырылған жүздеген жастың ішінен іріктелген 30 жігіт елордаға аттанды. Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, Ұлттық ұланда борышын өтегендердің көбі болашақта әскери қызметті таңдайды. 

Сержан Аманжолов, әскерге шақырылушы:

- Облысқа келіп, әскерге баруымның себебі - бұл ең алдымен Отан алдындағы борышымды қорғау, әскери қызмет ету және мемлекетімізге бір үлесімді қоссам деймін. Қазақстан Республикасының азаматы болсам деймін.

Рүстем Мұқанов, 6677 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы:

- Жастарды әскерге қабылдау үшін қатаң іріктеу өтті. Олар болашақта Ұлттық ұлан қатарында қызмет етеді. Нақтырақ айтқанда, қоғамдық тәртіпті сақтау, түзету мекемелеріндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша міндеттерін өтеуді. Жас сарбаздарға темірдей төзім мен таусылмас күш-қуат тілеймін. Олар біздің болашағымыз.