Елімізде келер жылы декреттік төлемдер өседі

Елімізде келер жылдан декреттік төлемдер өседі. Бұл сома бірінші қаңтардан бастап өзгеретін ең төменгі жалақы мөлшеріне байланысты көбейтіліп отыр.

Көрсеткіш 42 мың 500 теңгеден 60 мыңға ұлғаяды. Осы уақытқа дейін декреттік төлемнің ең шекті деңгейі 1 млн 125 мың теңгеге тең болатын. Жаңа ереже бойынша жүкті әйелдер 1 млн 587 мың теңгеге дейін алуы мүмкін. Бірақ мұндай қаржылай қолдауға ай сайынғы табысы 400 мың теңгеден асатын әйелдер иек арта алады.