Талғарда қар аралас асфальт төсеп жатыр

Талғарда қар жауып жатса, жұмысшылар асфальт төсеп жатыр. Бұл жайтты қала тұрғыны кеше телефонына түсіріп, инстаграм желісіне жүктеген.

Оның айтуынша жол жөндеу жұмыстары Абылай хан көшесінде іңір кезінде жүргізілген. Бейнетүсірілімнен көрініп тұрғандай, жұмысшылар қардың жауғанына қарайтын емес. Ал «Автодор Талғар» мекемесі сол көшенің бойында орналасқан мектепке кәріз жүйесі жүргізілгенін хабарлады. Ал бұл іске мердігер ұйым тартылған. «Автодор Талғар» оған ауа райының қолайлы кезінде бұл жұмысты тездетіп бітіруді тапсырған еді. Алайда  мердігер компания бұл міндетті ескерусіз қалдырған.

Еске сала кетейік, дәл осындай оқиға Талғарда қараша айында болған еді. Сол кезде мердігер ұйымның жұмысына салғырт қарағаны үшін қала әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды