Фейк: Pfizer вакцинасының бағасы – 50 000 теңге

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен егілуге ниет білдірген қазақстандықтар үшін оның бағасы 50 000 теңгені құрайтыны туралы ақпарат таратуда. Бұл жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Хабарлама авторы вакцинаның бағасын №4 Алматы қалалық емханадан білген екен. Алайда емхананың өзінде бұл ақпаратты жалған деп атады.

– Бүгінгі таңда 4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алғысы келетіндер үшін алдын ала жазылу жүргізілуде. Вакцинаның құны әлі белгісіз. №4 қалалық емхана дәрігерлеріне вакцинация құны туралы нұсқаулар берілген жоқ, – деп хабарлады мекемедегілер.

Сондай-ақ, олар 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech препаратымен тегін егіле алатындығын еске салды. Демек, 50 000 теңге тұратын вакцинаның құны туралы ақпарат – фейк. Бүгінгі таңда оның вағасы әлі жарияланған жоқ.