Жамбыл облысында үш тоннадан аса есірткі тәркіленді  

Жамбыл облысында 3 тоннадан аса есірткі тәркіленді.

Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 677 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 113 есірткі өткізу дерегі және 77 аса ірі көлемде сақтаудың дерегі бар. Бұған қоса,  психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзған бір жағдай бар. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 431 қылмыстық теРіс қылықты, есірткі заттарын контрабандалаудың 22 дерегін және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 23 дерегін анықтап, 587 түп марихуананы жойды.

Асқар Жұмабеков, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– Заңсыз айналымнан 3 тонна 354 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 337 келіге артық. Оның ішінде 3 тонна 248 келі марихуана, 105 келі гашиш, 1 келі 35 грамм героин және бір келіден астам синтетикалық есірткі заттары бар. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.