Елімізде майнинг фермалардың саны шамамен 3 үш есеге өсті

Соңғы екі жыл ішінде еліміздегі майнинг фермаларының саны 15-тен 50-ге дейін өсті.

Қазақстан әлемдегі биткоин майнингі бойынша екінші орынға шықты. Ірі фермалар көбіне Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Бұл туралы бүгін блокчейн-технологиялар жөніндегі алғашқы ресми форумда айтылды. Қазақстан блокчейн-технологиялар қауымдастығының басты мақсаты - мемлекеттік басқару, экономика және бизнес салаларына блокчейн жүйесін енгізу. Қауымдастық төрағасы Сапар Ахметовтың айтуынша бұл технология – жемқорлықты жеңудің таптырмас жолы. Осы күнге дейін 80 млрд тг көлемінде инвестициялар тартылды. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін Энергетика министрлігімен бірлесе тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл қазір барлық дүниеде дамып жатқан үлкен технология. Осы технологияны Қазақстанда дамыту үшін біз ассоциация құрдық. Әрине, блокчейн технологиясы криптоқаржы бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл технологияны игерген мемлекет ертеңгі күні алдыңғы қатарлы мемлекет болып саналатын болады. Сондықтан біз көш соңында қалмауымыз керек.