Қазақстандық дипломат халықаралық «Жыл жұлдызы» марапатын иеленді

Қазақстандық дипломат Абзал Сапарбекұлы Түркиядағы халықаралық «Жыл жұлдызы» марапатын иеленді.

Бизнес және экономика салаларының Оскары саналатын жүлде бүгінге дейін әлемнің 500-ден астам беделді тұлғасына берілген екен. Олардың арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсан бар. Ал отандастарымыздың арасынан Абзал Сапарбекұлы бұл жүлдені алғаш қанжығасына байлап отыр.

Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Түркиядағы елшісі:

 – Елімнің және өзімнің атымнан осы марапатқа лайық деп тапқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Әлемнің беделді тұлғаларымен қатар бұл жүлдені алу мен үшін үлкен құрмет. Қазіргі таңда Қазақстандағы шетелдік компаниялардың ішінде Түркия екінші орында тұр. Еліміздегі әрбір 10 компанияның 1-еуі Түркия азаматтарына тиесілі. Ел аумағында 3600 түрік фирмасы жұмыс істейді. Биыл екі ел арасындағы сауда көлемін 5 млрд АҚШ долларына жеткіздік. Пандемия кезінде де 500 іскермен кездесіп, оның 50-і елімізде өз кәсібін дөңгелетті. Бұл – елшілік ұжымының еңбегі. Сондықтан марапатты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту деп қабылдаймын.

Сондай-ақ...