Кредиттік рақымшылық туралы ақпаратқа қатысты Ұлттық банк жауап берді

Ұлттық банк кредит кешірілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Кредиттік амнистия жасалады деген сарында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.

Қажет кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық банкінің Байланыс орталығына хабарласуға болады.