Қарағандыда қос азаматтығы бар тұрғын анықталды

Қарағанды ​​әуежайындағы «Қарағанды-Сортировочная» стансасы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасын бұзған 34 жастағы Ресей азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қарағанды облысы бойынша Көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496 бабының 2 бөлігі шетел азаматтығын алу фактісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 6-12 желтоқсан аралығында республикада «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Жедел шара кезінде 54 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10-ы сот қалулысымен Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Қабылдау орнына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ ТМД аумағынан келген 6 шетел азаматы орналастырылды.