БҚО-да өңірдің белсенді азаматтары марапатталды  

Батыс Қазақстан облысында ерекше көзге түскен азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Марапатталғандардың арасында құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, зоотехниктер мен инженерлер бар. Жиында сөз алған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин халықты әлеуметтік қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін айтты.