Ақтөбедегі шалғай ауданда 16 адамға пәтер берілді

Ақтөбедегі шалғай ауданда 16 адамға пәтер берілді
inform.kz

Ақтөбенің Байғанин ауданында екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кезекте тұрған 16 отбасы баспаналы болды. Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында екі қабатты үй құрылысы аяқталып, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер берілді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында мұқтаж адамдарды баспанамен қамту шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс жалғасатын болады», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Пәтер алған Хансұлу Рысбаеваның кезекте тұрғанына 7 жыл болды. Ол қазір мүгедек қызын тәрбиелеп отыр. «Он балам бар. Бәрі өсіп, отбасылы болды. Ал қолымда мүгедек қызым қалды. Оған да баспана ауадай қажет еді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында арманымыз орындалды. Мемлекетке шексіз ризамын. Елімізге тыныштық, амандық тілеймін», - деді Хансұлу Рысбаева. Демеушілік қаражат есебінен оған жаңа тұрмыстық техника тарту етілді.