Түркістан – Тәуелсіздік жемісі 

Түркістан – Тәуелсіздік жемісі 

«Жаңарған Түркістан - Тәуелсіздіктің ең үлкен жеңістерінің бірі». Бүгін Түркістанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік» атты салтанатты іс-шараға қатысушылар осылай деді.

Мерекелік жиынға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев арнайы қатысып, жаңа дәуірге қадам басқан Қазақстанның қарышты қадамдары ширек ғасырдан астам уақытта ұлтымыздың жүріп өткен жолдары мен бағындырған белестері жайында сөз қозғады. Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен атқарылған қыруар шаруаға тоқталды. Одан кейін Мемлекеттік хатшы мен облыс әкімі еліміздің, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттарды тапсырды. Адал еңбегімен, белсенді қызметімен қоғамды гүлдендіріп жүрген бір топ азамат «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды. Жиын соңы Түркі тілдес мемлекеттерден келген эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.

Исмат Тұрсынқұлов, қоғам қайраткері:

– Маған Парасат орденін беріп отыр, сол үшін қуанып отырмын. Парасат деген сөздің өзі ұлы сөз. Барлық адамның қадір-қасиетін тек бір сөзбен айтуға болады. Парасатты адам екен, парасатты ел екен дейді. Сондықтан парасатымыз жоғары болсын. Еліміз күшейе берсін.