Ақтөбеде әскери бронетранспортер тәркіленді 

Ақтөбелік полицейлер броне транспортер көлігін тәркіледі.

Әскери техника облыс орталығы маңындағы Өрлеу ауылына қарасты карьерлердің бірінен табылған. Тиісті құжаттары мен мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ арнаулы техника сол жерде, еңбек ететін инженерге тиесілі екендігі анықталды. Әскери ауыр көлікті иесі осыдан 20 жыл бұрын белгісіз адамнан сатып алдым деп түсіндірген. Машинаның қару-жарағы мен қозғалтқышы жоқ. Тек қаңқасы мен дөңгелектері ғана қалыпты. Құжатсыз әскери көлікті тәртіп сақшылары айып тұрағына жеткізген.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Ер адам БТР-ны қажетсіз болғандықтан сатқысы келген. Қазіргі таңда ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп, бронетранспортер Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.