Елге 400 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды

Елге 400 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды

Қазақстан экономикасына 400 миллиард доллар, шетелдік инвестиция тартылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәлімдеуінше, бір де бір бизнес өкілі өз каржысын сенім туғызбайтын мемлекетке құймайды. Қазір біздің ел ТМД аумағында инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. 2000 жылдары Халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның инвестициялық көрсеткіштерін өте жоғары бағалады. Бүгінгі күнге дейін еліміз бұл позицияны жоғалтқан жоқ.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Біз бұл жұмысты Елбасы жариялаған 100 нақты қадам ұлт жоспары аясында жүзеге асырдық. 2018 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы штеледік инвестиция тарту және халықаралық деңгейде қаржы қызметтерін көрсететеін хабқа айналды. Қазір еліміздің сыртқы сауда айналымы 100 миллиард долларды құрайды. Соның арқасында Қазақстанның халықаралық резервін өсіру мүмкін болды.