Елдегі жалпы ішкі өнімнің бестен бірі Алматыға тиесілі – Мәулен Әшімбаев

Елдегі жалпы ішкі өнімнің бестен бірі Алматыға тиесілі – Мәулен Әшімбаев

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматыда «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты салтанатты іс-шара өтті.

Шараға мемлекет басшысының тапсырмасымен барған Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев шаһардың экономикалық, рухани Һәм мәдени жетістіктеріне тоқталды.

«30 жылда Алматы қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналды. Елде ішкі жалпы өнімнің бестен бірі Алматыға тиесілі. Бүгінде қалада банктердің 80 пайызы, 60-тан астам халықаралық компания мен қор биржасы орналасқан. Ең бастысы, Алматыда Тәуелсіздік жарияланып, алғаш рет көк байрақ желбіреді» - деді сенат төрағасы.

Салтанатты шарада елдің егемендігі жолында еңбегімен танылып, шаһардың дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтар мемлекеттік «Парасат», «Барыс», «Құрмет» наградаларымен марапатталды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандар да төсбелгіге ие болды.   

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

– Тәуелздіктің 30 жылдығы еліміз үшін маңызды меже, айтулы белес. Қазақстан бұл кезеңге ірі жетістіктермен жетіп отыр. Ал ендігі міндет – барамызды бағалап, жемісті жолымызды жалғау.