476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпорын ашылды

  • 269
  • UPD: 15:35, 11.12.2021
Шымкентте «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпорын ашылды Tengrinews.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ашылған кәсіпорын медицина бұйымдарын өндірмек, деп хабарлайды Хабар 24. Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жобаның құны 500 миллион теңге. Мұнда жаңадан 50 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жылына иммуноферментті анализдің 500 мың жинағын және 70 миллион инсулинді ине шығаруға қауқарлы.

Мегаполисте бүгінге дейін өнеркәсіп саласында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жаңа 10 кәсіпорын іске қосылды. Ал «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7,8 миллиард теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы