470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда «Желтоқсан» ескерткішінің іргетасы қаланды

  • 255
  • UPD: 20:10, 12.12.2021
Алматыда «Желтоқсан» ескерткішінің іргетасы қаланды inform.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында шаһардың Түрксіб ауданында «Желтоқсан» саябағында ескерткіш тас қаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан айтуынша, «Желтоқсан» саябағы былтыр ашылды. Ал бүгін осы жерде монументтің іргетасы қаланды. Бұл Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған шара болды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындықты біз бір жыл бұрын бастап кеттік. «Желтоқсан» саябағының орны мен атауы желтоқсан бірлестіктерінің өкілдерімен бірге анықталды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев монументті орнату туралы тиісті шешім қабылдады. Бұл күн біздің қаламыздың тарихындағы маңызды оқиға болатынына сенімдімін», – деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Қазіргі уақытта «Желтоқсан» ескерткішінің эскизін әзірлеуге конкурс жарияланды. Сонымен қатар «Желтоқсан» саябағында ашық аспан астындағы мұражай ашылды. Экспозицияларда Желтоқсан оқиғасының кейіпкерлері, тарихи құжаттар, сондай-ақ 1986 жылғы көтеріліске қатысушылар туралы баяндайтын фотоматериалдар ұсынылған.

Рәсімге қатысушылар «Желтоқсан» саябағының аумағына тал отырғызды. Болашақта бұл аумақты көгалдандыруды қолға алмақ. Іс-шара соңында шақырылған Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға  арнап, эстрада жұлдыздар патриоттық әндер орындады.

Хабар 24 телеарнасы