Мектептерде балаларға ата-аналардың рұқсатынсыз екпе салады – фейк

Мектептерде балаларға ата-аналардың рұқсатынсыз екпе салады – фейк
Liter.kz

Танымал қазақстандық Telegram-чатта жаңа бір нормативтік-құқықтық акті туралы ақпарат тарады.

Пайдаланушылардың айтуынша, онда мектептерде балаларды ата-аналардың келісімінсіз COVID-19-ға қарсы егетіні туралы норма жазылған. Бұл жалған, деп жазады stopfake.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай нормативтік-құқықтық акті туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Мұндай НҚА жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда балаларды КВИ қарсы вакцинациялау тек ата-аналардың жазбаша келісімімен ғана жүргізілетінін мәлімдеген болатын.