Атырауда академик Салық Зимановқа ескерткіш қойылды

Атырауда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер-ғалым, академик Салық Зимановтың 100 жылдығына арналған шара өтті.

Оған Парламенттің Мәжіліс және Сенат депутаттары, белгілі ғалым-заңгерлер мен шәкірттері қатынасты. Шара барысында академиктің ескерткіші ашылып, есімі облыс орталығындағы орта мектепке берілді. Осылайша Атыраудың тағы бір абзал перзентінің есімі ел тарихына жазылды. Академик Салық Зимановтың тәуелсіз қоғамның қалыптасуына сіңірген еңбегі ерекше. Ол Қазақстанда ежелгі билер сотының тарихын зерттеген, оны бүгінгі өмірге бейімдеп ғылыми еңбек жазған қайраткер. Саналы өмірін заң саласына арнаған ардагер мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарды.

Бүгін мұнайлы өңірде өткен «Салық Зиманов және қазақ мемлекеттілігі: тарихы мен құқықтың дамуы» деген тақырыпта өткен онлайн ғылыми конференцияда депутаттар, белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері «заң ғылымының атасы» атанған тұлға туралы ойларын ортаға салды.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Салық Зимановтың еліміздің мемлекеттік алуындда өзіндік рөлі бар. Неге десеңіз, біздің декларацияны дайындауда ғылым тобының жетекшісі болды. Екіншіден, ол кісі Конституция қабылданғанда жетекші болған ұлы ғалым. Сондықтан Салық Зимановтың еліміз үшін атқарған еңбегі мәңгі есте болады деп сенемін.

Сондай-ақ...