«Қазцинк» тау-кен байыту кешені бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді

«Қазцинк» тау-кен байыту кешені мырыш өндіруден бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

«Қазцинк» шығыс аймақтағы үш бірдей ірі  түсті металлургия алыптарының активтерін біріктіру арқылы құрылған. Негізгі меншік иесі Қазақстан Үкіметі. Компания әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді көздейді. Қазір мұнда  шамамен 25 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Ал тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы кәсіпорынның бас директорына «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.

Александр Хмелев, «Қазцинк» ЖШС бас директоры:

– Кезінде мемлекет «кешенді шикізат» бағдарламасын қабылдады, соның негізінде біз жан-жақты жұмыс істедік. 2020 жылы жұрттың бәрі пандемия, қиын кезең деп жатқанда, бір қызығы, біз мырыш өндіруден рекордтық деңгейге жеттік. Жұмысты бір секундтқа да тоқтатқан емеспіз. Бәрі соның нәтижесі деп ойлаймын.

Сондай-ақ...