Қарағандылық оқушылар Еуразиялық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Қарағандылық оқушылар Еуразиялық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Қарағандылық оқушылар Еуразиялық олимпиаданың жүлдегерлері атанды.

Алматыда компьютерлік ғылымдар бойынша XIII Еуразиялық олимпиада аяқталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 53 команда қатысты.

Төрт қарағандылық – Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Рамазан Пердебай және №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Мақсат Сәкенұлы, Дархан Тілеужан мен Бахтияр Орынбай – зияткерлік жарыстарда екінші және үшінші орындарды иеленді.

Рамазан күміс алды. Оны Олимпиадаға педагог Ертуған Мүсілім дайындады. Командалық есепте Мақсат, Дархан және Бахтияр үшінші болды. Педагог – Нұрсұлтан Ахметов.

Компьютерлік ғылымдар бойынша орыс және ағылшын тілдеріндегі олимпиаданың ұйымдастырушылары – «Дарын» РМК және Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар зерттеу университеті. Оның негізгі мақсаты – компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау.