Үкімет басшысы елде вакциналау шарасын күшейтуді тапсырды

Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен вакциналау қарқынын үдету қажет, деп хабарлайды Хабар 24.

Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында орынбасары Ералы Тоғжановқа және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай тапсырма берді. Қазір елде вакцинаның 2 компонентін алғандар 8 млн 300 мыңнан асты. Инфекциялық ауруханалардағы төсек-орындар 23 процентке, ал жансақтау бөлімдері 20 процентке толы. «Жасыл» аймақта 11 облыс болса, «сары» аймақта 6 өңір қалып отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

– Жалпы эпиджағдай тұрақты деп айтуға болады. Күн сайын тіркелетін коронавируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта 8,8 млн адам 1 компонент салдырды. Бұл 18 жастан асқан адамдардың 78 проценті. 8,3 млн адам 2 компонент салдырды. Бұл шамамен 73 пайызы. Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтауды жалғастырып, вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет.