Шығыс Қазақстанда бірқатар әлеуметтік нысан халық игілігіне берілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауыл-аймақтарда көптеген әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жарма ауданы Әуезов кентінде жергілікті​ тұрғындар үшін ​ маңызы зор нысан іске қосылды. Ауылдықтар үшін 400 орындық мәдениет үйінің ашылуы зор қуаныш. Өйткені кентте бұрын-соңды мұндай мәдени орталық болмаған екен. Енді оның ішінде шығармашылықпен айналысуға барлық мүмкіндік бар. Жоба құны 671 миллион теңгеге жуықтайды. Мәдени нысанның ашылуына қатысқан облыс басшысы өңірдегі игі істерді тілге тиек етті.

Айта кетейік, кент тұрғындары үшін тағы бір әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Талай жылдан бері жөндеу көрмеген 48 жылдық тарихы бар Бақыршық орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Осылайша 530 орындық білім ошағының іші-сырты түгел бүтінделді.

Дәулет Шаяхметов, Бақыршық орта мектебінің директоры:

– Кәрізі жүйесі, жылу жүйесі су, электр жүйесі жасалып, қазір мектеп жылы ашық, жарық әдемі. Балалар да, мектеп ұжымы да, ауыл тұрғындары мен ата-аналар өте риза.

Сондай-ақ бұл күні облыс басшысы ​ аудандағы ​«Шалабай» асыл тұқымды шаруа қожалығының тынысымен де танысты. Мұнда 1600 бас ақ бас сиыр бар. Шаруашылық​ Канадалық жүйемен жұмыс істеп, мал салмағын зерттеуге ден қойған. Бұдан бөлек Жармадағы ​Бақыршық кен ​байыту кәсіпорнының ​да аудан экономикасы үшін​ алар орны ерекше. Ай сайын вахталық режімде 400 адам келіп жұмыс істейді. Сондықтан облыс басшылығы​ аталған зауытқа қолдау көрсетуге әзір.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

– Біз екі жақты бағдарлама ​арқылы металлургтерге жағдай жасайтын боламыз. Мысалы, мамандарды тұрғын үймен қамту ​ жағын қолға аламыз. Ал Бақыршық​ компаниясы​ бізбен бірге жұмысшыларды қайта даярлауға, жас кадрларды оқытуға ден қояды. Несиелік мәселелерді шешуге де​ ат салысады.

Жалпы биыл облыс аумағында​ әлеуметтік маңызы бар ​93 жоба​ іске асырылуда.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов