Жол-көлік оқиғасына қатысты қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі

Жеңіл-желпі жол көлік оқиғасы болған кезде полиция қызметкерін шақырмай-ақ, сақтандыру ұйымынан көлікті жөндеуге қажетті қаржыны өндіріп алуға болады. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова депутаттың сауалына жауап берді.

Бірақ берілетін төлем соммасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет. Әрі жол көлік оқиғасына қатысушылар саны 2 көліктен көп болмауы тиіс. Депутаттардың ұсынысы бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілмек. Ол үшін арнайы мобильді қосымша жасалады. Құжат 1 жыл ішінде әзірленіп, дайын болады. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова депутаттың сауалына осылай деп жауап берді.

Айта кетейік, бұл жаңашылдықты  халық қалаулылары ұсынған болатын.