Талғар ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты: оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Антикор. 

Осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 млн теңге айыппұлға сотталды.

Аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.