Тәуелсіздік мерейтойы мерейлі іс-шараларға толы  

Тәуелсіздік тартуы. Шығыс Қазақстан облысында ел егемендігінің отыз жылдығына орай мерекелік шаралар жалғасып жатыр.

Үржар ауданында «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер қолданысқа берілді. Осылайша бірден 33 отбасы баспаналы болды. Ал облыс орталығы Өскеменде  тәуелсіз Қазақстаннның дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді.

Мерейтой қарсаңында мерейілі мереке. Үржарда баспана кезегін күткен ондаған отбасы ақыры пәтер кілттеріне қол жеткізді .Олардың арасында көпбалалы сонымен қатар аз қамтылған отбасылар бар. Тұрғындар атаулы күн қарсаңында кең де жарық шаңырақа кіргендеріне  риза.

Кәмшат Әлімбекова, Үржар ауданының тұрғыны:

– Барша аналарды,азаматтарды құттықтаймын.Өз үйінде ұл қыз тәрбиелейтін берекелі отбасылар көбей берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын.

Жалпы ауданда қазір мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруі маңызды дейді мамандар.

Ал облыста ел тәуелсіздігінің нығаюына айырықша үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілген салтанатты шара өтті.

Алмасхан Сматлаев, облыс әкімінің орынбасары:

– Тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбатты ештеме жоқ. Тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясаты  арқасында Қазақ елі әлемдік беделді әрі танымал мемлекетке айналды.

Кеуделеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальін таққандардың арасында дәрігер де, мұғалім де, металлург те,жазушы да бар.

Геннадий Пуссеп, ақын, журналист:

– Мен мүлдем күткен жоқ едім. Бұл бүкіл облыстың шығармашылық беделін бағалау деген сөз. Сондықтан үлкен алғысымды білдіремін.

Сонымен қатар Өскемен қаласының дамуына үлес қосқан тұлғалар да  назардан тыс қалған жоқ. Бірнеше қоғам белсенділері «Қаланың құрметті азаматы» наградасымен мараптталды.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов