Алғаш рет ауылдағы спорт мамандарына үкіметтен арнайы сыйлық табысталды

Алғаш рет ауылдағы спорт мамандарына үкіметтен арнайы сыйлық табысталды

Елімізде алғаш рет аудан мен ауылдардағы спорт мамандарының еңбектері еленіп, үкімет тарапынан арнайы сыйлық табысталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған дейін осындай деңгейдегі марапаттар кәсіпқой спортшыларға ғана берілетін. Ал бұл жолы спортқа жауапты комитет ауыл-ауылдан ең үздік жаттықтырушыны, ең үздік денешынықтыру пәнінің мұғалімін, ең үздік спорттық ұйымды іздеді. Бас-аяғы 8 аталым бар. Нәтижесінде ең үздік жаттықтырушы жамбылдық Ілияс Жансақалов атанды. Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысы мамандары да осы тізімге ілікті. Үздік нұсқаушы мен үздік маман атақтары сәйкесінше Қарағанды және Қызылорда облысының өкілдеріне бұйырды. Ал спорт басқармалары арасындағы байқауда Жамбыл, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысына қарасты мекемелердің жұмысы жоғары бағаланды.