Алматыда еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар марапатталды

Марапатталғандар қатарында «Хабар» Агенттігінің» Алматы қалалық филиалындағы әріптестеріміз де бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Мерекелік іс-шара қаладағы Республика сарайында өтті. «Алматы-Тәуелсіздіктің алтын бесігі» саналады. Осы қалада 1990 жылдың қазанында Қазақстанның тәуелсіздігі туралы декларация жарияланды. Ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Бүгін құрметке ие болғандардың арасында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар. «Хабар» Агенттігі» Алматы қалалық филиалының директоры Қымбат Хангелдина мен жаңалықтар бөлімінің тілшісі Григорий Беденко «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен мараптталды.

Әнуарбек Әуелбек, «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары:

– Алматы кәсіпкерліктің, бизнестің, спорттың, туризмнің, мәдениеттің орталығы екенін білесіздер. Бүгін сол тәуелсіздігіміздің 30 жылыдығына байланысты осы еліміздің дамуына Алматы қаласының дамуына өркендеуіне үлес қосқан белгілі азаматтар марапатталып отыр. Соның ішінде мынау БАҚ өкілдері де бар. Соның бірі болғаныма менде өзім қуанып отырмын.