Отандық ғалымдар жылқылардың қолға үйретілу мерзімін анықтауға атсалысты

Халықаралық зерттеу жұмысына әлемнің 160-тан астам ғалымы қатысқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Кешенді жұмыс барысында Еуразия құрлығынан табылған ежелгі жануарлардың геномдары сарапталды. Барлығы 273 геном зерттелді.

Ғалымдардың пайымдауынша, бүгінгі жылқылар біздің заманымызға дейін 2200 жыл бұрын Понтий-Каспий және Солтүстік Кавказ далаларында қолданыла бастаған. Яғни көлік қызметін атқара бастады. Осы тектес генетикалық популяция Моңғолия аумағына дейін жеткен. Бұл ғылыми жаңалықты ашу мақсатында жергілікті археологтар өңірден табылған жылқы сүйектерін ұсынған. Бүгінгі таңда ғалымдар үй жылқыларының адамдарға бейімделу мақсатында табылған қыш ыдыстарды да химиялық әдістердің көмегімен зерттеу үстінде. Қыш құрамында сүт немесе ет қалдықтары анықталса, қолға үйретілген мерзімді нақтылауға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, облыс аумағында жылқылардың сүйек қалдықтары өзге өңірлердегі жануарларға ұқсамайды. Айырмашылық көп, дейді археологтар.

Виктор Мерц, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог:

– Біздің заманымызға дейін 2200 жыл бұрын пайда болған жылқылар Ботай және Бөрлі жылқыларын ығыстырып жіберді. Себебі қолға тез үйретілді. Ал Солтүстік Қазақстан аумағындағы жануарлар қоректену үшін, яғни ет алу үшін пайдаланылған. Десе де оларды бүгінгі жылқылардың арғы аталары деу әлі ерте. Олар кем дегенде 5500 жыл бұрын қолға үйретілді.