434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандыда «Абай» шахтасындағы апатты жоюға қатысқандар марапатталды

  • 88
  • UPD: 23:26, 15.12.2021
Қарағандыда «Абай» шахтасындағы апатты жоюға қатысқандар марапатталды inform.kz

Осы жылдың 7 қарашасында болған «Абай» шахтасындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар да марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 15 тау-кен құтқарушысы мен шахтаның екі қызметкері марапатталды. Олар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісін ие болды.

Хабар 24 телеарнасы