Алматы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын Алматы да атап өтіп жатыр. Мұндағы «Астана» алаңына жалғасқан ғимаратта кезінде Үкімет үйі мен Жоғарғы Кеңес орналасқан.

Дәл осы жерде көптеген тарихи шешімдер қабылданды. Дәл осы ғимаратта 1991 жылдың 16 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Мемлекет тарихындағы елеулі оқиға ескерткіш тақтаға жазылып, ғимараттың қабырғасына ілінген.