Талдықорғанда жолдағы жазатайым кезінде медициналық көмек сапасы жақсарады

9 ай ішінде жолда 1600-ден аса апат болып, 316 адамның өмірі қиылды. Бұл Алматы облысы.

Енді жол үстінде жазатайым жағдайға ұшырағандарға көрсетілетін алғашқы медициналық қызмет сапасы жақсарады. Талдықорған облыстық ауруханасында ахуалдық орталық ашылды. Мұндағы травматология және нейроинсульт бөлімдері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Шұғыл жағдайда кеңес беріп, білікті мамандарды жібереді. Ол үшін жедел жәрдем, төтенше жағдай және жол полициясы өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. 

Анарбек Моңғолхан, облыстық аурухана директоры:

- Науқастарға сол жерде бері қарай алып келмей-ақ 300-400 км алып келмей, көмек жасап, емдей беруге болады. Яғни егер операция жасайтын жағдай болып жатса бізде қазір ангиографиялық установка жасалып жатыр. Жылдың соңына дейін ашылады. Осы жаққа шақыртып алып келіп, геморрагический, ишемический инсульт және комбинированный, аралас операция жасайды.