Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті

Атырауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрмеде әшекей бұйымдар, етік, орамал, ер-тұрман, қамшы секілді қазақы дүниелер көздің жауын алып тұр. Ағаштан жасалған кәдесыйлардың да алуан түрі бар. Көрмеге жан-жақтан келіп, қатысып жатқан шеберлер де көп. Керегін алып, көпкөрім дүниелерге көз тойдырып жүрген тұрғындар да дән риза.   

Маржангүл Қалиева, ұйымдастырушы:

- Осыған дейін біздер «Аллея ремесленников» ашқан болатынбыз. Сол шараның жалғасы болып табылады. Осы Атырау өңірінде бірінші рет ұйымдастырылып отырған шара. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған шара және бұл жерде қолөнершілер өз қолдарымен жасаған бұйымдарды шығарып, халыққа паш етіп отыр.