Коронавирустан емделіп жатқан 89 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды.

16 желтоқсандағы дерекке сәйкес, ел өңірлерінде 20 096 адам коронавирус инфекциясынан (–17 430+ және 2 666 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 536 пациент стационарда, 16 560 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 294 адамның жағдайы ауыр;

- 89 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 67 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

coronavirus2020.kz